Инфографика

Қазақстандықтар Жаңа жылда қатарынан 4 күн демалады

5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады
Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1,2,3 және 4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1,2 және 3 қаңтар күндері демалады. 5,6 қаңтар – жұмыс күні. 7 қаңтарда Рождество мерекесіне орай демалыс беріледі.