АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантты тұтқындауға ордер берді, деп жазылған ведомство мәлімдемесінде.
"Халықаралық соттың алдын ала іс жүргізу палатасы екі адамды –Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галлант мырзаны кемінде 2023 жылдың 8 қазанынан кемінде 2024 жылдың 20 мамырына дейін жасаған адамзатқа қарсы қылмысы мен соғыс қылмысы үшін қамауға алу туралы ордер берді", - делінген хабарламада.
Ордер айыптаушылардың 20 мамырдағы өтініші бойынша берілді.
Израиль бұл айыптауды жоққа шығарып, Халықаралық қылмыстық сотпен ынтымақтастық орнатудан бас тартты.