АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Жаяу әскерге қарсы миналарға тыйым салатын Оттава конвенциясына қол қойған мемлекеттерге минаның бұл түрін пайдалануға тыйым салынады, Украина құжатты 2005 жылы ратификациялаған, деп мәлімдеді Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ресми өкілі Элизабет Троссел.
Бұған дейін Пентагон басшысы Ллойд Остин АҚШ Украинаға жаяу әскерге қарсы миналарды жеткізе бастағанын растап, бұл қадам шабуылдарды жаяу бөлімшелерді қолдану арқылы бастайтын ресейлік әскердің тактикасына жауап ретінде жасалғанын айтқан. Украина жаяу әскерге қарсы миналарды пайдалануға, жинақтауға және өндіруге тыйым салатын Оттава конвенциясын 2005 жылы ратификациялады. Ресей мен АҚШ конвенцияға қатыспайды.
"Жаяу әскерге қарсы миналарды пайдалануға, жинақтауға, өндіруге және тасымалдауға және оларды жоюға тыйым салу туралы 1997 жылғы Конвенция бойынша мемлекеттердің міндеттемелері өте айқын.
"Әрбір қатысушы мемлекет ешқашан және ешбір жағдайда жаяу әскерге қарсы миналарды қолдана алмайды", - деді ол.
Тросселл Оттава конвенциясында белгіленген тыйымдарға сәйкес, басқарма ұстанымы бейбіт тұрғындарға төндіретін қауіпке байланысты ешбір тарап жаяу әскерге қарсы миналарды пайдаланбауы керек дегенді білдіретінін айтты.
"Сонымен қатар, соңғы оқиғаларды ескере отырып, біз барлық мемлекеттің аса жойқын қаруды, оның ішінде ядролық қаруды қолданудың бұдан былай мүмкін болмайтынын және кеңірек қақтығыс қаупінің алдын алу үшін жұмыс істеу қажеттігін тағы еске саламыз" – деді БҰҰ өкілі.