АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Кәмелетке толмаған баланы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырды деген күдіккі ілінген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан табылды.
Бас прокуратураның мәліметінше, ол елге экстрадицияланды.
Ол 2008 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған баланы зорлаған. Осыдан кейін күдікті зорлау үшін жауаптылықтан қорқып, таныстарымен бір топ адам болып әрекет етіп, кәмелетке толмаған баланы күштеп көлікке отырғызып, ауылдық аймаққа алып кеткен.
Жол бойында сыбайластардың бірі жәбірленушінің мойнын ұстап, оны тұншықтырып өлтірген.
Адам өлтіруді жасыру үшін қаскүнемдер кәмелетке толмаған баланың денесін далаға көмген.
Кәмелетке толмаған баланы зорлап, оны өлтіруді ұйымдастырған, қашып үлгерген және 15 жыл бойы халықаралық іздеуде болған сотталушыны қоспағанда, адам өлтіруге қатысы бар тұлғалар да жауапқа тартылды.
Өткен жылғы қыркүйекте ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта Петропавл қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.