Алматыда кеден зертханасының басшысы сотталды

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Алматы қаласының Алмалы аудандық соты орталық кеден зертханасының басшысы Сатыбалдиев пен бас маман Әлібековке қатысты үкім шығарды.
Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жемқорлық жайлы хабарлаған азаматтарға 14,7 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі