"Жол бойында жолбарыс жүр": жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды

Полиция Теміртау тұрғындарын дүрліктірген әйелге 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқан әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады , деп хабарлады Polisia.kz.
Теміртау қаласының тұрғындарын жол бойында жүрген жолбарыстың бейнеролигі алаңдатты.
"Полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция жалған ақпарат тарату кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салды.
Іле-Балқаш резерватына жолбарыстар жеткізілді