ҰҚК Ақтауға есірткі жеткізумен айналысқан ер адамды ұстады

Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан азаматы ұсталғанын хабарлады.
4 қарашада ҰҚК Маңғыстау, Алматы облыстары мен Алматы қаласы бойынша департаменттері прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Ақтау қаласына есірткі жеткізу арнасын жойды.
Осы арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Заңсыз айналымнан каннабис тобына жататын 300 келі есірткі заты тәркіленді", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.