АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ұлттық банк 2025 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті.
Ұлттық банктің хабарлауынша, келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4-уі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
17 қаңтар
7 наурыз
11 сәуір
5 маусым
11 шілде
29 тамыз
10 қазан
28 қараша.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Айта кетейік, Ұлттық банк соңғы базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша шешімді 2024 жылғы 11 қазанда жариялаған болатын.