АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын әуежайдан Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында мемлекет басшысы Мажарстан президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, екі елдіңсаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігінодан әрі дамыту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.