Мәжіліс банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады

ЕАЭО елдері мемлекеттік сатып алуларға банк кепілдігі арқылы қатыса алады
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Енді ЕАЭО елдері бір-бірінің банк кепілдіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу өткізе алады.
Мәжіліс банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады.
"Келісім мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар кезінде кепілдіктері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерде танылған банктерге қойылатын бірыңғай талаптарды, осындай банктердің тізбесін құру тәсілдерін, сондай-ақ берілген банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды", - деп хабарлады мәжіліс.
Келісімді ратификациялау мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласындағы ынтымақтастықты ұзақ мерзімді және тұрақты негізде нығайтады, сондай-ақ әлеуетті жабдықтаушылар мен бір мемлекеттің аумағында тіркелген жабдықтаушылардың ЕАЭО-ның басқа мемлекетінде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қатысуын қамтамасыз етеді.