Биыл 403 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-тен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек беріледі
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 қарашаға дейін 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған.
АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірдегі жағдайдан шығару.
АӘК-ті алатындар:
табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-тен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады;
табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі.
Биыл АӘК алушылар қатарына енген мектеп жасына дейінгі 126 мың балаға 4,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды.
Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж адамды аудит арқылы тексереді