АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы еліміздің екі өңіріндегі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады
Ұлытау облысында:
20 қарашада сағат 13:00-де "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырымы аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін);
Қызылорда облысында:
20 қарашада сағат 13:00-де Қызылорда облысында "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырымы аралығында (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 20 қарашасағат 20:00-де ашу жоспарланған.