Астанада 600-ден астам жұмысшыға жалақы төленбей келген

Жұмысшыларға жалақы төлемеген мекеменің қарызы 144 млн теңгеден асып кеткен
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Астанада "Жасыл Аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 600-ден астам қызметкерінің жалақысын төлемей келген, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Прокуратура мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айындағы бұл мекеменің қарызы 144 млн теңгеден асып кеткен.
"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді. Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген прокуратура хабарламасында.