Алматылықтардың орташа жалақысы қанша

Олардың орташа айлық жалақысы 468 мың теңгеге жеткен
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Алматы әкімдігі қала тұрғындарының орташа жалақысы қаншаға артқанын айтты.
Әкімдік мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22 пайызға өсіп, 292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім – 11,6 пайыз. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп, 15,5 пайызға артты.
"Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6 пайыздан қыркүйекте 8,3 пайызға дейін баяулады", - делінген хабарламада.
Алматыда биылғы 9 айда 50 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, оның 77,9 пайызы тұрақты.
Қазақстанда орташа айлық жалақыға қанша бензин сатып алуға болады