Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина Ресей аумағына соққы жасай алады: Макрон АҚШ-тың шешімін құптады

Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан G20 саммиті кулуарында Украинаның Ресей аумағына тереңдетіп ұзақ қашықтықтағы қару-жарақпен соққы жасауына рұқсат беру жөніндегі АҚШ-тың шешімін құптады, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.
Бұған дейін "РБК-Украина" басылымы украиналық әскери-саяси ортадағы жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ұлыбритания мен Франция Украинаға Ресей Федерациясының аумағында алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға рұқсат бергенін, бірақ бұл қаруды қолдану тек Курск аймағымен шектелгенін хабарлады.
"Бұл өте жақсы шешім", - деп келтіреді агенттік Макронның сөзін.
Сондай-ақ француз көшбасшысының айтуынша, саммиттегі бірлескен мәлімдеме Украинадағы қақтығысқа қатысты "анық" болуы мүмкін.
Бұған дейін New York Times газеті АҚШ әкімшілігінің аты-жөнін атамаған өкілдеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет Украинаның Ресей аумағына шабуыл жасау үшін америкалық алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат бергенін хабарлады.
Дереккөздердің айтуынша, Ресей аумағына алғашқы соққылар ATACMS зымырандары арқылы жасалуы мүмкін. Франция мен Ұлыбритания да Украинаға алыс қашықтықтағы қаруларын пайдаланып, Ресей аумағына соққы жасауға рұқсат берді, деп хабарлады Figaro.
Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін "Батыс елдерінің Украинадағы қақтығысқа тікелей қатысуы оның сипатын өзгертеді, Ресей өзіне төнген қауіп-қатерлерге негізделген шешім қабылдауға мәжбүр болады" деп мәлімдеді.