АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Сербия президенті Александр Вучич әлеуметтік желілердегі парақшасында Белградқа ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды, деп хабарлады БОРТ N1 телеграм каналы.
Ол Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын айтты.
Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.
Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алматының әйгілі апортын сыйға алды
© Photo : Александр Вучичтің жеке парақшасы
Еске сала кетейік, сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.