Семейде тонау қылмысы видеоға түсіп қалды

Күдікті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Семейде дүкендердің бірінде ер адам күш қолданып, тоңазытқыштан екі бөтелке сыраны алып кеткен. Полиция қылмыстың видеосын жариялады.
Дүкен қызметкерлері оны тоқтатпақ болғанымен, қаскөй қашып үлгерді.
Полицейлер жедел әрекет етіп, "Сергек" жүйесінің көмегімен күдіктінің кім екенін анықтады. Көп ұзамай 44 жастағы күдікті қолға түсті.
Енді ол өз әрекеті үшін заң алдында жауап береді. Күш қолдану арқылы тонау ісі бойынша ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.