АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Энергетика министрлігі Теңіз кенішінде мұнай өндіру көлемінің неліктен қысқарғандығы түсіндірді.
Кәсіпорында мұнай өндіру көлемі 28–30%-ке төмендеп, тәулігіне 61–63 мың тоннаны құрады.
"Екінші буын зауытында (ЕБЗ) 400-орнатылымдағы E-401A қазандық-утилизаторына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс көлемі ішінара тоқтатылды. Құрал-жабдықты тексеру барысында жергілікті коррозияға ұшыраған ақаулар анықталды",- делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталу мерзімі – биылғы 23 қараша.