Ақтөбеде балабақша салуға қайтарылған активтер есебінен 7,8 млрд теңге бөлінді

Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Үкімет қайтарылған активтер есебінен Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Балабақшада 300 ерекше бала тәрбиеленеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады.
Бүгінгі таңда облыста ерекше білім беруді қажет ететін 3 жастан 6 жасқа дейінгі 2523-тен астам бала бар, олардың 1320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша 4 арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салуға шешім қабылданған болатын.
"Еден суық, матрас жоқ": Жаркент балабақшасындағы жағдайдың мән-жайы анықталды