АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады КТК телеарнасы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2024 жылдың 16 қарашасында қызметтік автокөлікпен аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері абайсызда әріптесіне арқасынан оқ атқан. Салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жәбірленушінің Қордай аудандық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.