АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қытай Украина мәселесінде бейбітшілік орнатуға күш салуда, деді Қытай төрағасы Си Цзиньпин Лимада АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуінде, деп хабарлады РИА Новости.
"Қытайдың Украина дағдарысына қатысты ұстанымы мен әрекеті әрқашан шынайы және әділ болды. Қытай бейбіт келіссөздерді ілгерілету, бейбітшілікке қол жеткізу және шиеленісті азайтуға ұмтылу үшін дипломатияны дұрыс қолданып, делдалдық жүргізіп жатыр", - деген Си Цзиньпиннің сөзін Қытай Сыртқы істер министрлігі келтірді.
2023 жылдың ақпанында Қытай егемендікті құрметтеу, бейбіт келіссөздерді бастау және біржақты санкцияларды алып тастау сияқты 12 тармақты қамтитын Украина қақтығысын саяси реттеу туралы позициялық құжатты жариялады. Осы жылдың мамыр айында Қытай мен Бразилия Украина дағдарысын саяси жолмен шешуге қатысты алты тармақтан тұратын консенсусты бірлесіп жариялап, құжат 100-ден астам елден қолдау алған.