АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Владимир Зеленский "Украина радиосына" берген сұхбатында Украина АҚШ уәде еткен 170 миллиард доллардан астам көмектің жартысын алмағанына шағымданды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін Пентагон қақтығыс басталғаннан бері АҚШ Конгресі Украинаға көмектесу үшін бөлген барлық қаражаттың жалпы сомасы 182 миллиард доллардан асқанын хабарлаған.
"Демократтар да, республикашылар да қақтығыс басталғаннан бері әртүрлі уақыттақандай да бір көлемдегі көмекті қолдап дауыс берді. Ал жалпы алғанда шамамен 170-175-177 миллиард АҚШ доллары үшін дауыс берді... Бұл ақшаны әлі жеткізу керек. Егер сіз менен осы соманың қаншасын алдық деп сұрасаңыз... Мен жартысын да алмадық деп айтар едім", - деді Зеленский.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.