Астанада жеке үйдегі өрттен төрт бала қаза тапты

Өрттің шығу себебі әлі анықталуда
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Астанада екі қабатты жеке үй өртеніп, оның шатыры жартылай опырылып түсті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Үйінді астынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт баланың мәйіті шығарылды.
"Құтқарушылар хабар алғаннан кейін 6 минуттан соң жетіп, ашық өртті анықтады. Өрт алдын ала анықталған 500 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы, Апаттар медицинасы орталығының және астаналық төтенше жағдайлар департаментінің психологтары жұмыс істеп жатыр.
Қала әкімдігі бұл үйде екі отбасы тұратынын хабарлады. Зардап шеккен отбасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ оларға материалдық, тұрғын үймен және басқа да қажетті көмек көрсетіледі.
Зардап шеккендер жоқ екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды.
Қарағанды облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына медаль табысталды