АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Пентагонның бас инспекторының есебіне сәйкес, АҚШ Конгресі 2022 жылдың ақпанынан бері Украинаға көмектесу үшін бөлген жалпы қаражаты 182 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды РИА Новости.
"2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғалы бері АҚШ Конгресі Украинаға кеңірек қолдау көрсетуге кемінде 182,99 миллиард доллар бөлді", - деп хабарлайды бақылауға жауапты кеңсе басшысы.
Бұл қаражат бірқатар федералды агенттік, соның ішінде Пентагонның өзі, Мемлекеттік департамент және Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы бөлінді.
Бөлінген қаражаттың төрттен үшке жуығы, яғни 131,36 миллиард доллары әскери қажеттіліктерге жұмсалды, аудиторлық есепте көрсетілгендей, ол жыл сайын өсті. Оның 45 миллиард долларынан астамы Пентагонға Киевке жеткізілетін жабдықты ауыстыруға бөлінген.