Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Әлем Украинадағы қақтығыстан шаршады – Үндістан сыртқы істер министрі

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Әлем Украинадағы қақтығыстан шаршады және оның шешімін күтіп отыр, деп мәлімдеді Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьям Жайшанкар Hindustan Times газеті ұйымдастырған "Лидерлер саммитінде" сөйлеген сөзінде.
"Әлем сарқылды. Айтайын дегенім, бұл қақтығыс екі негізгі ойыншыдан да, басқалардан да үлкен құн талап етіп отырғаны анық. Бұл қандай да бір шешімге жаһандық сұраныс бар уақытта болып отыр", - деді ол.
Субраманьям Жайшанкар бір күн бұрын Германия канцлері Олаф Шольц Ресей президенті Владимир Путинмен қақтығыс басталғаннан бері алғаш рет телефон арқылы сөйлескенін атап өтті.
Министр шақтығысты шешудегі Үндістанның рөлі туралы айта келе, Нью-Дели ешқандай бейбітшілік жоспарын ұсынбағанын атап өтті.
"Бұл біздің шаруамыз деп ойламаймыз. Біздің ісіміз – бұл екі елді өзара әрекеттесе алатындай нүтеге жеткізудің жолын табуға тырысу... өйткені түптің-түбінде олар бір-бірімен ықпалдасуы керек. Олар проблеманы шешкісі келмесе, басқалар оны шеше алмайды", - деді ол.