АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры күкірт қышқылы қалдықтарынан тротуар тақтасын шығаруды қолға алды.
"Samruk-Kazyna Ondeu" қоры түсіндіргендей, жаңашылдық өндіріс қалдықтарының көлемін азайтып қана қоймай, жол құрылысына жоғары сапалы материалдарды жасауға мүмкіндік береді.
Степногорск күкірт қышқылы зауытының базасында Жану проблемалары институты мамандарының қолдауымен күкірт қышқылын өндіруден кейін қалған күкірт қалдығын кәдеге жарату жобасы іске қосылды.
Күкіртті бетон өндірісі цемент пен суды пайдалануды қажет етпейді, бұл технология Қазақстанның қатаң климаты жағдайында жол салуға қолайлы, деп хабарлады компания.