Шымкенттің бас санитар дәрігері сотталды

Пара берген әйелге 12 млн теңге айыппұл салынды
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев алты жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот материалына сәйкес, Төлебаев департаменттің аудандық басқармасының жетекші маманы лауазымына жұмысқа орналастыру үшін 600 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл ақшаны департаменттің персоналды басқару қызметінің басшысы Тұрсынбаева мен көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Махатова алып келген. Олармен бірге пара берген Әшірбаева да жауапқа тартылды.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Төлебаев алты жылға бас бостандығынан айырылса, Г. Тұрсынбаеваға - 21 млн теңге, С. Махатоваға – 9 млн теңге, ал С. Әшірбаеваға – 12 млн теңге айыппұл салынды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Барлығына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.
Комитет төрағасы 4,4 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды