АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
"Пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады. Жаңа функциялар деректерге қолжетімділікті одан әрі ыңғайлы және жеңіл етеді", - деп жазылған хабарламада.
Қосымшаның жаңартылған нұсқасында екі жаңа цифрлық мәліметтер қолжетімді:
1.
Әскери қызметке шақыру туралы ақпарат – азаматтың шақыру мәртебесі, сондай-ақ шақыру мерзімі туралы толық деректер;2.
Әскери қызметке қатысуға қатысты мәліметтер – азаматтың әскери міндеттілік мәртебесі туралы өзекті ақпарат.Азамат өз мәліметін ЖСН, компанияның БСН-і немесе мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөмірі арқылы өз бетінше жібере алады. Сонымен қатар деректерді жұмыс берушінің тікелей сұрауы салуы бойынша да жіберуге болады — ол үшін жұмыс беруші ЖСН немесе телефон нөмірі арқылы сұрау салу жібереді. Содан кейін пайдаланушы хабарлама алады және сұрау салуды растайды немесе оны кері қайтарады. Деректерді eGov Mobile қосымшасына тікелей сілтеме арқылы мессенджерлер немесе пошта арқылы жіберуге болады.
Сервисті пайдалану үшін:
eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, "Мәліметтер" бөліміне өту;
"Тарих" бөлімінде мәліметтерге қол жетімділік беруге келген сұрау салуларды қарап шығу;
мәліметтерді беруге рұқсат беру немесе сұрау салуды қабылдамау;
қажет болған жағдайда, бұрын берілген мәліметтерді "Қайтарып алу" батырмасын басу арқылы қайтарып алу қажет.
Бұдан басқа, пайдаланушылар мәліметтерге сұрау салулар тарихын тексеріп, қажет болған жағдайда бұрын берілген мәліметтерге қолжетімділікті басқаруға, оларды қайтарып алуға мүмкіндігі бар.