Фото

"Дүниежүзі аруы - 2024" байқауына қатысушылар ұлттық костюмдерін көрсетті - фото

"Орыс қысы", ұшқан серб қыраны және қазақ бәйтерегі түріндегі костюмдер: "Дүниежүзі аруы-2024" сахнасында әр елден келген қатысушылар ұлттық киімдерін көрсетті
Sputnik
29 қазан мен 16 қараша аралығында Мексикада 73-ші "Дүниежүзі аруы-2024" сұлулық байқауы өтіп жатыр. Биыл бұл шараға 130 елден келген ару қатысты.
Қазақстан атынан "Дүниежүзі аруы-2023 Қазақстан" байқауының жеңімпазы Мадина Әлмұханова қатысты. Ол Мексикаға Дүниежүзіндегі ең сұлу арудың тәжіне таласуға келді.
Ол қазылар алқасының алдында "Бәйтерек" монументін бейнелейтін ерекше костюмде өнер көрсетті.
"Дүниежүзі аруы" байқауының финалы 16 қарашада Мехико қаласында өтеді.
1 / 12

"Қазақстан аруы" Мадина Әлмұханова 73-ші "Дүниежүзі аруы" байқауында ұлттық киімді көрсетіп тұр.

Киімді Қырғызстан дизайнері Арзубек Вонама Қазақстанның бас сииволы – Бәйтеректен шабыт алған.

Костюм алтын түстес етіп жасалған. Дизайнердің айтуынша, бұл бай-дәулетті, жомарттықты бейнелейді және Қазақстанның мәдени мұрасын ғана емес, сонымен бірге елдің болашағына деген батыл көзқарасты да көрсетеді.

Зергерлік бұйымдар мен бас киім қазақ аруының бейнесін толықтырып тұр. Оларды қазақстандық Merhat компаниясы әзірлеген.

2 / 12

Ресейді "Ресей аруы-2024" байқауының жеңімпазы ретінде танылған Чувашиядан келген 18 жастағы Валентина Алексеева таныстырды.

Ол қазылар алқасының алдына петерборлық сәнгер Ольга Малярованың қолымен жасалған "Орыс қысы" атты қызықты ұлттық киімін көрсетті.

Бұл костюм Ресей қысының қатаңдығын бейнелейді және айрықша дәстүрлері мен климаттық ерекшеліктерін көрсетеді.

Костюм 200 000 таспен әрленген. Иықтарында мұздың өткір бөліктеріне ұқсайтын үлкен кристалдар орналастырылған және "қыс" стиліндегі сәнді тәж бар.

3 / 12

"Испания аруы" Мишель Хименес көздің жауын алардай қызыл түсті киіммен сахнаға шықты.

4 / 12

"Вьетнам аруы" Ки Дуйен Нгуен халқының ұлттық стиліндегі костюмді таныстырды.

5 / 12

"Ангола аруы" Нельма Феррейраның костюмі де көрермен назарын аударды.

6 / 12

"Сербия аруы" Ивана Тришич киген костюм серб қыранын бейнелейді.

7 / 12

"Эквадор аруы" Тема Мара дайындаған костюмді бүтіндей бір декорация деуге болады.

8 / 12

"Пуэрто-Рико аруы" Дженнифер Колон нәзіктіктің сиволы іспеттес стильде сахнаға шықты.

9 / 12

"Америка Құрама Штаттары аруы" Альма Купер киген костюм оның елінің мемлекеттік символымен түстес болды.

10 / 12

"Дания аруы" Виктория Кьер Тейлвигтің костюмін нағыз батылдар киетін киім болды.

11 / 12

"Беларусь аруы" Элеонора Качаловская өз костюмімен табиғатқа қатысты тақырыпты қозғағысы келген сыңайлы.

12 / 12

"Біріккен Араб Әмірліктері аруы" Эмилия Добрева костюмі шығысқа тән ұстамдылық пен әдемілікті сипаттайды.