Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жүргені белгілі болды

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жәбірленушелірдің қорғаушысы болған Жанна Оразбақова экс-министрдің қай түрмеде жазасын өтеп жүргенін білді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Адвокат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен алған жауапты жариялады. Оған сәйкес, сотталған экс-министр Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ҚАЖД №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
Бұған дейін Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы мәлімет тарады. Бірақ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті ол ақпаратты жоққа шығарды.
Бұған дейін Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оны қатаң режимдегі колонияға жіберуге шешім қабылданды.
Бишімбаев балаларының тегін өзгертуіне қарсы емес екенін мәлімдеді