АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Астананың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы рұқсатсыз салынған нысанның жұмысын тоқтатты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Құрылыс салушы "INTER Stroy Astana" ЖШС "QURMANGAZY" тұрғын үй кешенін салу үшін үлескерлердің ақшасын қабылдаған.
Құрылысқа тапсырыс беруші объектіде жерге тиісті құқық, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама, техникалық және авторлық қадағалауды сүйемелдеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама болмаған. Осыған қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастап, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы" Қазақстан Республикасы заңын бұзған.
Осылайша, құрылыс салушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, заң бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Құрылыс салушы заңсыз объектіні ерікті түрде бұзуға тиіс.
Құрылыс салушы заңсыз объектіні ерікті түрде бұзуға тиіс.