Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленскийдің кеңсесі Ресеймен келіссөзден бас тартты

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Киев Ресеймен келіссөз жүргізбейді және қақтығысты тоқтату үшін өз аумақтарынан бас тартпайды деп мәлімдеді.
"Ресей Федерациясы қандай да бір келіссөз процесіне қатысуға ниетті емес. Олар ультиматум талап етуді жалғастыруда, яғни Украина өз территориясынан ғана емес, егемендігінен айырылуы керек. Біз оқыған материалдардың 98%-ы Украинаны мәжбүрлеуге, қандай да бір талаптарға негізделген және біздің ойымызша бұл ақылға қонымсыз", - деді Подоляк Украинаның New Voice радиосында.
Зеленский бұған дейін Guardian газетіне берген сұхбатында Ресеймен келіссөз "шынайы емес" екенін айтып, одан бас тартқан болатын.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Рада депутаты Ресеймен шұғыл келіссөз жүргізу қажеттігін мәлімдеді