Майқайыңдағы автобус апаты: марқұмдардың туыстарына берілетін өтемақы көлемі азайтылды

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Майқайыңдағы автобустың шұңқырған құлап кетуінен қайтыс болғандарға берілетін өтемақы көлемі азайтылды, деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Екібастұз қалалық соты “Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы” ЖШС-дан марқұмдардың туыстарының пайдасына әрқайсысына моральдық зиянның өтемақысы ретінде 30 000 000 теңгеден жалпы 120 000 000 теңге соманы өндіру туралы шешім шығарған.
Дегенмен, Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, жаңа шешіммен әрқайсысына берілетін моральдық шығын 7 500 000 теңгеге дейін азайтылды.
Себебі, жазатайым оқиға “Майқайыңалтын” АҚ өндірістік қызметімен байланысты.
Бұл мән-жайларды сот моральдық зиянның өтемақысы мөлшерін анықтаған кезде ескеруі тиіс.
“Облыстық соттың хабарлауынша, ақылға қонымдылық, әділдік және жеткіліктілік критерийлерін басшылыққа ала отырып, алқа бұл жағдайда жауапкерден талап қоюшылардың пайдасына туысының қайтыс болуына байланысты келтірілген моральдық зиян өтемақысын әрқайсысына 7 500 000 теңгеден өндіру қажет деген қорытындыға келді”, - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енді.
Еске салсақ, Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қаңтарында "Майкаинзолото" АҚ аумағында үш құтқарушы мен жүргізуші мінген автобус шұңқырға құлап кетті. Қаза тапқандар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС-нің қызметкерлері.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Майқайыңалтын" АҚ кенішіндегі апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі деп таныды.
Майқайыңда автобус құлаған жердің астында бұрын шахта болғанын ешкім ескертпеген – депутат