АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ресейдің "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кеңес өткізді, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
"Атом энергетикасы, кванттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер және технологиялармен алмасу, кадр әлеуетін дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды", - делінген хабарламада.
Кездесуге қатысушылар осы салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған әртүрлі елдердің сарапшылары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері айтылды.
Қазақстанда 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтіп, онда сайлаушылардың басым бөлігі АЭС құрылысын қолдады.