Ақмола облысында ауыр қылмысты жасырған полицейлер жауапкершілікке тартылды

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Ақмола облысында ауыр қылмысты жасырған полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Жеке кәсіпкер полицияға дүкенінен тауар ұрланғанын хабарлаған, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған.
"Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді", - деп жазылған хабаралмада.
Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды. Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оралда полицей пара алу кезінде ұсталды