АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Елордада жауын-шашынның көп болуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі ауысымда 1300-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
13 қараша күні Астанадан 26 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,1 мыңнан астам ауыр жүк көлемін құрайды.
Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 14,3 мың рейс, яғни 181 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін ең алдымен өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады.
Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 14 қараша күндізгі уақытта Астанада күн бұлтты, қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.