“ҚазМұнайГаз” бен Әзербайжанның SOCAR компаниясы стратегиялық келісімге қол қойды

Құжат декарбонизация мәселелеріне қатысты
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. “ҚазМұнайГаз” ұлттық мұнай-газ компаниясы мен Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Бакудегі БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына (COP-29) қатысушылардың 29-шы конференциясы аясында декарбонизация мәселелері бойынша стратегиялық келісімге қол қойды., деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
“Құжат ҚМГ мен SOCAR-дың көміртегі салдарын азайту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиясындағы маңызды кезең болып табылады. Ол сондай-ақ екі жетекші мұнай-газ компаниясының декарбонизация жобаларын жүзеге асыру және көміртегі төмен технологияларды енгізу бойынша өзара әрекеттестігіне бағытталған”, - делінген хабарламада.
COP-29 климат мәселелерін талқылаудың негізгі халықаралық алаңына айналғаны айтылды.
“Қол қойылған келісім тұрақты даму және көміртегі салдарын азайту мәселелері бойынша аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан маңыздылығы мен басымдылығын көрсетеді”, - деді компаниядағылар.
Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік Мұнай Компаниясы (SOCAR) — мұнай мен табиғи газды барлаумен, өндірумен, өңдеумен және тасымалдаумен айналысатын Әзербайжанның ұлттық мұнай-газ компаниясы.
Қазақстанда мұнай тасымалдаудан түскен табыс қысқарды