АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы және Ислам ынтымақтастық ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан Араб мемлекеттері лигасының кезектен тыс саммитіне қатысты
© Photo : пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан атынан премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу барды. Іс-шараға сондай-ақ Өзбекстан президенті Мирзиеев пен Қырғызстан президенті Жапаров, Түркия президенті Ердоған мен Тәжікстан президенті Рахмон қатысты.
Іс-шара барысында мүше мемлекеттердің өкілдері геосаяси ахуалды, ислам әлемі алдында тұрған сын-қатерлер мен қауіптерді, соның ішінде Таяу Шығыстағы ағымдағы оқиғаларды талқылады.
Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) өңірдегі мұсылман үмбетінің елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, ИЫҰ мен Ливандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Араб мемлекеттері лигасы мүшелерін қақтығыстарды тез арада реттеу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге шақырды.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы халықаралық қауымдастықтың Голан шыңдарында, Ливанда және әлемнің басқа аймақтарындағы БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларының маңызды рөлін естен шығармауы керектігін ерекше атап өтті.
Осыған байланысты БҰҰ-ның бітімгершілеріне және дипломатиялық миссияларға жасалған шабуылдардың халықаралық және гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылғанын білдіретіндігі және оған жол бермеу қажеттілігі аталып өтті.