АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттырды.
Бұған ЕЭК деректері дәлел болып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өсім 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі мынандай деректер көрсетті:
электрмен жабдықтау – 7,7%-ға өсім;
газбен, бумен және ауаны кондициялау – 3,6%-ға;
сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 0,6%-ға.
Бұл ретте өндіріс көлемінің төмендеуі тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу салаларында 0,4% деңгейінде тіркелді.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өндірісінің өсуі ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде байқалды. Ең елеулі өсім Арменияда – 12,6%, одан кейін Беларусьте – 6,4% болды.
Ресейде – 4,4%-ға, Қырғызстанда – 4,2%-ға, Қазақстанда – 3,1%-ға өсті.