АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Астанада ҰҚШҰ-ның базалық оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу ұйымдары басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік жиыны және ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы ҰҚШҰ-ның әскери кадрларды және ғылыми жұмыстарды бірлескен даярлауды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының VII отырысы өтті.
Ұйым форматындағы бірлескен оқу-жаттығудың ерекше маңыздылығы ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Андрей Сердюковтың іс-шараға қатысушыларға арнаған бейне үндеуінде айтылды.
"Жиналыс форматы Ұйым аясындағы әскери кадрларды даярлау мен ғылыми жұмыстың өзекті мәселелерін талқылауға және бірлескен жұмыс барысында нақты ұсыныстар әзірлеуге бірегей мүмкіндік береді", - деді ол.
Іс-шарада әскери қызметшілер мен мамандарды даярлауды ұйымдастыру тәжірибесі мен әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды. Шараға қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрларды бірлесіп даярлау жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындады.
Іс-шараға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының әскери білім беруді басқару органдарының басшылары, ҰҚШҰ Біріккен штабының офицерлер тобы, ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері қатысты.
Астанадағы шараға қатысушылар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге барып, оқу орындарымен танысты.