Қарағанды облысында автокөліктің жүксалғышынан тыйым салынған зат табылды

Sputnik
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында автокөліктің жүксалғышынан тыйым салынған зат табылды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
10 қараша күні "Балқаш-Сарышаған" тас жолында патрульдік полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзған (көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған) 31 жастағы азаматтың басқаруындағы "Geely Coolray" автокөлігін тоқтатқан.
"Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыш бөлігінен жалпы салмағы шамамен 12 келі 18 пакетке оралған ақ түсті ұнтақ зат тәркіленді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылып, олар тәркіленген заттардың тыйым салынған зат екенін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды