АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Sputnik-ті 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
"Осы жылдар бойы сіздердің ұжымдарыңыз – бас кеңсенің және көптеген шетелдік өкілдіктердің қызметкерлері – өздерінің кәсіби міндеттерін тиімді, жедел және жауапкершілікпен атқарып келеді.
Маңызды оқиғаларды бақылап, аудиториямен сенімді жаңалықтарды және терең талдауларды бөлісіп жүр.
Әрқашан тексерілген, объективті фактілерге сүйенеді және негізгі саяси, экономикалық және әлеуметтік тенденциялар бойынша әртүрлі көзқарастағы адамдарға трибуна ұсынады. Сіздерге шығармашылық табыс және бар жақсылықты тілеймін", - делінген құттықтауда.
Бұған дейін Sputnik агенттігі атқарған жұмысы үшін ТМД Атқару комитетінен алғыс алған болатын.