АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін The Washington Post өзінің ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Трамптың Путинмен телефон арқылы сөйлескенін жазды.
Американың жаңа президенті Украинадағы қақтығысты ушықтырмауға да үндеген дейді. Бірақ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұдан беделді басылымдарда кей кезде жарияланатын ақпараттың қаншалықты сапалы екенін айнық көруге болады. Бұл ақпарат толықтай шындыққа жанаспайды", - деді Песков.
Осы орайда ол Ресей басшысының Валдай форумында айтқан сөзін еске салды. Сол жерде Путин барлығымен байланыс жасауға дайын екенін мәлімдеді.