Кейінгі 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті

Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылды
Sputnik
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Үкімет Цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай Қазақстанның осы саладағы негізгі жетістіктерін тізіп шықты.
БҰҰ дерегі бойынша 2024 жылы Қазақстан әлемнің 193 елінің ішінде телекоммуникация инфрақұрылымы индексінде 42-ші орынды иеленді. Елдегі интернет-пайдаланушылардың үлесі 93%-ға жетеді.
БҰҰ Халықаралық электр байланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес, биыл пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болды.
Кейінгі 10 жылда мемлекеттік қызметтер саны 2 еседен астам өсті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында арнайы қосымшалар мен сервистер арқылы пайдаланушыларға 33 млн қызмет көрсетілді. Тек осы жылдың қазан айында QR-кодтар арқылы 8 млн қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн сәйкестендіру жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы саласында 4 ақпараттық жүйе іске қосылған