АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия, Беларусь Республикасының мемлекеттік кеден комитеті және Маркетинг және бағаны конъюнктурасы ұлттық орталығы Беларусьте ұлттық "бірыңғай терезе" механизмін дамыту бойынша пилоттық жобаларды таныстырд, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
Іс-шараға ұлттық "бірыңғай терезе" механизмін дамыту жобасын іске асыруға қатысатын ЕАЭО елдерінің ЕЭК, кеден қызметтері, мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты.
"Бірыңғай терезе" механизмі – сыртқы экономикалық қызметті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ЕАЭО-дағы келешегі зор жоба. Ол ұйымдастыру, құқықтық, техникалық және технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, "бірыңғай терезе" механизмінің заманауи үлгілерін құрудың әлемдік тәжірибесін біріктіреді", - деді ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Руслан Давыдов.
Іс-шараға қатысушыларға Беларусь Республикасында "Сыртқы экономикалық қызметке арналған бірыңғай терезе" электронды платформасын құру аспектілері, "Е-Паслуга" порталының мүмкіндіктері және әкімшілік кедендік бизнес-процестері таныстырылды.
Ұйымға мүше мемлекеттерде жүзеге асырылып жатқан жоба ЕАЭО цифрлық талаптарына сәйкес келеді және "ақылды" кеден институтын дамытумен байланысты екені айтылды.