АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Астанада Сирия бойынша келіссөздердің 22-ші раунды өтеді.
11-12 қарашаға жоспарланған іс-шараларға Астана процесінің кепіл елдері – Ресей, Түркия және Иранның Сириядағы жағдай реттеу мәселелерін қадағалайтын жоғары өкілдер деңгейіндегі делегациялары қатысады.
Сонымен қатар Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының өкілдері және бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак делегаттары қатысады деп күтілуде.
Кездесудің күн тәртібіне қақтығыстарды реттеу мәселелерінен басқа, кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу, гуманитарлық жағдай, Сирияны қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруді жеңілдету бойынша халықаралық қоғамдастықтың күшін жұмылдыру және сириялық босқындардың отанына оралуына жағдай жасау секілді мәселелер талқыланады.