Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамптың кеңесшісі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға басымдық берілетінін айтты

Sputnik
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. АҚШ президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың тұсында Киевтің "Қырымды қайтару" ниетін қолдамайды, бұл орындалмайтын позиция, өйткені Украина Қырымнан айырылып қалды, Вашингтон бұл қақтығысты тоқтатуға басымдық береді, деді Трамптың аға кеңесшісі және Республикалық партияның стратегі Брайан Ланца.
"Егер... Зеленский Қырымды қайтарсақ қана бейбітшілік орнайды десе, ол бізге өзінің байсалды емес екенін көрсетеді...", - деп мәлімдеді Ланца британиялық телеарнаға.
Трамптың кеңесшісінің айтуынша, АҚШ бейбітшілік пен қантөгісті тоқтатуға басымдық береді.
"Бұл бейбітшіліктің шынайы көрінісі. Бұл жеңіс емес, алайда бейбітшілік көрінісі. Ал енді диалогты бастайық", - деді ол Трамптың қақтығысты тоқтату жоспарлары туралы айтып.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты келіссөздер арқылы шешуге уәде берді