АСТАНА, 9 қараша– Sputnik. Бүгін Ақтау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт орнына дереу жеткен құтқарушылар жанып жатқан пәтерден үш иінді баспалдақпен төрт баланы аман-есен алып шықты. Олар 15, 12 және 4 жаста. Ал төртінші бала тіпті бір жасқа да толмаған.
Министрліктің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ:
Балаларды қараусыз қалдырмауды;
Балаларға отпен ойнаудың қаупі туралы айтуды;
Сіріңкелер мен оттықтарды қол жетпейтін жерге қоюды ескертеді.