Елде "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілді

Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.
Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.
Экология министрлігінің бірқатар қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр — Антикор