Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі көз жұмды.
Қайғылы оқиға 7 қарашада болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.